Елордада отандық кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні өтті
Бұған дейін Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шеңберінде 15 маусымда елордада мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Атамекен» өңірлік палатасының, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оның қорытындысы бойынша кәсіпкерлерді мемлекеттік, сондай-ақ жеке несие өнімдерін қолдаудың қолжетімді шаралары туралы қосымша хабардар ету қажеттілігі анықталды.
Шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде банктердің бағдарламалары мен несие өнімдері туралы біле алады.
Іс-шараға Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, халықты жұмыспен қамту орталығының, «AstanaInvest» инвестицияларды дамыту орталығының, «Даму» қорының, «Атамекен» палатасының өкілдері, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Кәсіп бастағысы келіп жүрген жандардың бірі – бала күтімімен үйде отырған Ақнұр Тезекбаева.
-->

Бүгінгі іс-шара елордалық кәсіпкерлерге арналған. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 67 пайызды құрап отыр. Елорда кәсіпкерлері үшін қандай мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, екінші деңгейлік банктер қандай несиелік бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр деген көптеген сұрақ туындауда. Осыған байланысты біз осы Ашық есік күнін ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі іс-шараға 17 қаржы ұйымы қатысып жатыр. Оның ішінде кәсіпкерлерді несиелендіретін 12 екінші деңгейлі банк, үш шағын несие ұйымы және екі несие корпорациясы бар. Олардан бөлек «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, жұмыспен қамту орталығы және әкімдік басқармаларының өкілдері қатысуда. Кез келген кәсіпкер, кәсібін бастап, дамытамын деген азаматтар үшін қажетті кеңестер мен мәліметтер, бағыт-бағдарлар беріледі, - деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Әшімов.
Кәсіп бастағысы келіп жүрген жандардың бірі – бала күтімімен үйде отырған Ақнұр Тезекбаева.
Барлығы бір жерде отырғаны өте ыңғайлы. Дәл қазір бала тәрбиесімен үйде отырмын. Бос отырмай, кәсіп бастағым келеді. Соған керек кеңестер алып, қандай гранттар барын білуге келдім. Мұндай шаралар жиі ұйымдастырылуы қажет деп ойлаймын. Мамандар айналымға ақшаны қалай алуға болатынын айтты. Кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несиелер жайлы да білдім, - дейді Ақнұр Тезекбаева.