Елорда жаңалықтары

Асқар Мамин экономика салаларын қолдау жөнінде бірқатар кеңес өткізді

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин экономиканың түрлі салаларын қолдау мәселелері жөнінде бірқатар кеңес өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Биылғы 29 сәуірден 4 мамыр аралығында премьер-министр құрылыс саласын, азаматтық авиацияны, өңдеу секторын, агроөнеркәсіптік және көлік кешенін, шағын және орта бизнесті, сауда мен туризмді дамыту мен қолдау мәселелері жөнінде кеңестер өткізді. Талқылауға орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтардың басшылығы қатысты. Кеңестерде кәсіпкерлік субъектілерін салықтық ынталандыру, несиелендіру мәселелері, отандық тауар өндірушілерді қорғау, реттелетін сатып алулар құралдары, экспортқа бағытталған, ең алдымен, орта мен жоғары бөліністегі өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды қолдау, рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және тағы басқа шаралар егжей-тегжей қаралды. Асқар Мамин Қазақстанның экономикалық өсімін қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу кезінде экономика салаларын қолдау бойынша әзірленген тәсілдерді ескеруді тапсырды.

-->