Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысы 2023 жылы аяқталады – елорда әкімі
Елордада Кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы бекітілді. Бұл халықтың жыл сайынғы өсуін және жолдардағы трафиктің ұлғаюын ескере отырып, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға арналған бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, биыл 100-ге жуық көше салынады және жөнделеді, соңғы 2 жылда 300-ге жуық көше жөнделді, олардың жартысы елді мекендерде орналасқан.
-->Елордада Кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы бекітілді. Бұл халықтың жыл сайынғы өсуін және жолдардағы трафиктің ұлғаюын ескере отырып, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға арналған бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Қала тұрғындарының саны артуына байланысты көлік қозғалысын реттеу үшін қала ішінде бірнеше көпір жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ұлы дала даңғылында екі автокөлік көпірінің құрылысын жүргізіп жатырмыз, оны биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысын жүргізіп жатырмыз, оның құрылысы 2023 жылы аяқталады. Осы айда күрделі жөндеуден кейін Алаш тасжолы бойында көпір ашылды, – деді Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, биыл 100-ге жуық көше салынады және жөнделеді, соңғы 2 жылда 300-ге жуық көше жөнделді, олардың жартысы елді мекендерде орналасқан.