Елорда жаңалықтары

Елордада қалған екі ауданда газ құбырының құрылысы басталды – Алтай Көлгінов

Шаһар басшысының айтуынша, биыл қыста жеке секторда газға қосылған үйлердің арқасында ауа әлдеқайда таза болды.

Айта кетейік, мұқтаж жандарға газға қосылуына әлеуметтік көмек бөлінеді. Әлеуметтік көмек мөлшері 200 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, қала тұрғындарының бәріне тегін негізде есептеуіштер беріледі. Сондай-ақ қала тұрғындарының өз үйін газға қосу үшін құжаттар тізімі 2 есеге қысқартылды.

-->

Есіл және Байқоңыр ауданында газ құбырының құрылысына кірісіп, келесі жылы кварталішілік желілердің құрылысын бастаймыз. Қалада 2 аудан – Сарыарқа және Алматы толығымен газдандырылды. Ол үшін 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, кварталішілік желілер тартылды. 14 мың абонент газға қол жеткізді, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарттар алды, сонымен қатар 3,6 мыңнан астам үй газға қосылды (25%-дан астам), – деді әкім. 

Шаһар басшысының айтуынша, биыл қыста жеке секторда газға қосылған үйлердің арқасында ауа әлдеқайда таза болды.

Бұл айтарлықтай байқалады. Мысалы бұған дәлел ретінде Оңтүстік-шығыс ауданын айтуға болады. Елорданы газдандыру қаланың экологиясына ғана емес, қала тұрғындарының өмір сүру сапасына да оң әсерін тигізеді», – деді Алтай Көлгінов.