Бос орындар жәрмеңкесі: елордада 143 өрт сөндіруші жетіспейді
Бұл іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басқа да мемлекеттік және ведомствалық мекемелерімен бірлесіп өткізді.
Екі қолға бір күрек таппай жүргендерге көмек болатын бұл жәрмеңкенің жастарға берері мол. Жұмыс іздеп келгендер арасында оқу орындарының түлектері көп. Тәжірибесі жоқ мамандарды көп мекеме алғысы келмейді. Бірақ бірнеше кәсіпорын өздері оқытып, жұмысқа қабылдауға ынталы. Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыссыз жүрген азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру.
Елордада полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, техникалық мамандар, құрылыс саласының мамандары тапшы. Жәрмеңкеге келген жұмыс берушілердің бірі – елордалық ТЖД.
Бүгінгі жәрмеңкеден өзіне ұнаған жұмысты тапқан түлектердің бірі – Ерасыл Бейсембаев. Ол Менеджмент және бизнес колледжін биыл ғана бітірген.
-->

Мұндай жәрмеңкелерді ай сайын ұйымдастырмақпыз. Жыл соңына дейін 10 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі іс-шараға 64 жұмыс беруші қатысып жатыр. Олар 2000-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындар үшін тиімді. Жұмыссыздар бірнеше жұмыс берушілермен бір жерде тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік алмақ. Жұмыс берушілерге де тиімді. Қаншама адамның ішінен өздеріне қажет мамандарды іріктеп тауып алады. Негізінен бұл іс-шара жастарға арналған, бірақ барлық санаттағы азаматтарды қабылдайды, жасқа байланысты нақты шектеулер жоқ. Жұмыс берушілер тәжірибесі жоқ жастарды қабылдауға дайын, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.
Елордада полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, техникалық мамандар, құрылыс саласының мамандары тапшы. Жәрмеңкеге келген жұмыс берушілердің бірі – елордалық ТЖД.
Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне 143 өрт сөндіруші мен 59 өрт сөндіру көілігінің жүргізушісі қажет. 18 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарды қабылдаймыз. Еңбек өтіліне қарап жатқан жоқпыз. Осы жәрмеңке арқылы жаңа кадрларды табамыз деген үміттемін, - қалалық ТЖД өкілі Сәуле Баймағамбетова
Бүгінгі жәрмеңкеден өзіне ұнаған жұмысты тапқан түлектердің бірі – Ерасыл Бейсембаев. Ол Менеджмент және бизнес колледжін биыл ғана бітірген.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жұмысқа кіргелі жатырмын. Ертеңнен бастап жұмысқа шығамын. Жәрмеңкеге келгеніме жарты сағат өтпей жатып, жылдам жұмыс тауып алдым. Өте қуаныштымын. Бүгінгі іс-шара өзім сияқты жұмыссыз жүрген, оқуын енді аяқтаған түлектерген үлкен мүмкіндік сыйлайды. Мұнда еңбек өтілі де қажет емес екен. Кез келген жерге барғанда, бірінші кезекте сұрайтыны – еңбек өтілі, - дейді Ерасыл Бейсембаев.