Алтай Көлгінов: Азаматтардың мүддесі бұзылмауы керек
-->
Үлкен қала болғандықтан ондай проблема туындап жатады. Құрылысшылар әлеуметтік нысандар жанынан салғысы келеді. Бұған екі жақты қарау керек. Біріншісі – азаматтар. Азаматтардың мүддесі бұзылмауы керек. Екіншісі – кәсіпкерлердің мүддесі. Кейбір учаскелер жекеменшіктің иесінде. Оны кәсіпкер кезінде сатып алған, яғни мемлекет кезінде жекеменшікке берген. Оның өзінің тиісті құқығы бар. Сондықтан мұнда таразыны тең ұстау керек. Біз көптеген шағымдарды ескеріп, қазір 10 жобаны тоқтатып қойдық, – деді қала әкімі.