Елорда жаңалықтары

«Бүкір көпірдің» екінші бөлігі жөнделеді – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Алаш тасжолына өтетін көпірдің жұмысы әлі де жалғасатынын айтты.

-->

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Алаш тасжолына өтетін көпірдің жұмысы әлі де жалғасатынын айтты.

2020 жылы апатты деп танылған көпір жұмысы толық аяқталған жоқ. Енді көпірдің сол жақ бөлігі жөндеу жұмысына жабылады. Ол қайтадан бұзылып, қалпына келтіріледі, – деді қала әкімі.