Елорда жаңалықтары

Елордалық Айдос Есмағамбетов Жамбыл Жабаевтың мүсінін жасап шығарды (ВИДЕО)

Суретші, гиперреалист мүсінші ол бұған дейін қазақтың ұлы ақыны Абайдың, әйгілі хан Абылайдың, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, АҚШ-тың бұрынғы президенттері Барак Обама мен Дональд Трамптың, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің, әнші Роза Бағланованың және басқа да тұлғалардың бейнесін силиконнан сомдаған.

Мүсінші бүгінде елордада тұрады. Бұл өнерге шабыттандырған Мадам Тюссо мұражайындағы туындылар дейді ол.

Еске салсақ, Айдос Есмағамбетов — Қазақстандағы тұңғыш гиперреалист мүсінші.

-->

Гиперреалистік мүсін жасау — шығыны көп жұмыс, – дейді Айдос. – Әр тал қылды жабыстырудың өзі көп уақыт алады. Бір фигураны дайындап шығуға кемінде төрт ай, әрі кеткенде бір жыл уақытым кетеді. Барлық қажетті материал, оның ішінде силиконды АҚШ-тан тапсырыспен алдырамын. Ал бейнелерді фотоға қарап отырып жасаймын.