Елордалық ҚХА қайырымдылық акциясын жалғастырып келеді
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясын Әзірбайжан мәдени орталығы қолдады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Қазақстан халқының бірлігі күні «Хазар» әзірбайжан мәдени орталығы аз қамтылған отбасылар, тыл ардагерлері, көп балалы аналар мерекені сезінуге мүмкіндік алуы үшін 20 жанұяға мерекелік азық-түлік таратты. Азық-түлік себетінде әзірбайжан тағамы – шах-палау мен басқа да тағамдар бар, деп ақпарат таратты қала әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі. «Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты қазақстандықтардың көбі жұмыссыз. Дәл осы қиын-қыстау кезде біз бір-бірімізге жәрдемдесіп, көмек қолын созуымыз керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Хазар» әзірбайжан мәдени орталығы және «Sahil» мейрамхана кешені де қайырымдылық шараларынан тыс қалмады. Азық-түлік себеті және жеке гигиена заттарынан бөлек, мейрамханамыз Қазақстан халқының бірлігі күніне орай әзірбайжан асханасының басты тағамы – шах палау дайындады. Бұл мерекелік тағам бүгін көмекке мұқтаж отбасылардың дастарханында болғанын қаладық. Қазір бүкіл әлем індетпен күресуде. Оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің күшіміз – бірлікте! Біз біргеміз!», – дейді ҚХА мүшесі, «Хазар» әзірбайжан мәдени орталығының өкілі Сайяф Исмаилов. Акция ұйымдастырушылары тізімге сәйкес мерекелік сыйлықтар таратты. Елордалық ҚХА меценаттары мұқтаждарға үнемі көмек көрсетеді. Бұл жұмысты 2018 жылы қалалық Достық үйінде ашылған «Парасат» қайырымдылық көмекті үйлестіру орталығы ұйымдастырады. Биыл алғашқы тоқсанда жалпы сомасы 4 миллион 200 мың теңгеге бірқатар акция өткізілді. Бұған дейін Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елордада Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін түрлі ұлт аспабында орындау мен ұлттық тағамдар дайындаудан челлендж басталғаны хабарланған болатын. 1 мамырда елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекеленеді. Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен құттықтады. Қазіргі таңда елордада 130 этнос өкілдері тұрады. 23 этномәдени бірлестік белсенді жұмыс жасап келеді.
-->Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясын Әзірбайжан мәдени орталығы қолдады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Қазақстан халқының бірлігі күні «Хазар» әзірбайжан мәдени орталығы аз қамтылған отбасылар, тыл ардагерлері, көп балалы аналар мерекені сезінуге мүмкіндік алуы үшін 20 жанұяға мерекелік азық-түлік таратты. Азық-түлік себетінде әзірбайжан тағамы – шах-палау мен басқа да тағамдар бар, деп ақпарат таратты қала әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі. «Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты қазақстандықтардың көбі жұмыссыз. Дәл осы қиын-қыстау кезде біз бір-бірімізге жәрдемдесіп, көмек қолын созуымыз керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Хазар» әзірбайжан мәдени орталығы және «Sahil» мейрамхана кешені де қайырымдылық шараларынан тыс қалмады. Азық-түлік себеті және жеке гигиена заттарынан бөлек, мейрамханамыз Қазақстан халқының бірлігі күніне орай әзірбайжан асханасының басты тағамы – шах палау дайындады. Бұл мерекелік тағам бүгін көмекке мұқтаж отбасылардың дастарханында болғанын қаладық. Қазір бүкіл әлем індетпен күресуде. Оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің күшіміз – бірлікте! Біз біргеміз!», – дейді ҚХА мүшесі, «Хазар» әзірбайжан мәдени орталығының өкілі Сайяф Исмаилов. Акция ұйымдастырушылары тізімге сәйкес мерекелік сыйлықтар таратты. Елордалық ҚХА меценаттары мұқтаждарға үнемі көмек көрсетеді. Бұл жұмысты 2018 жылы қалалық Достық үйінде ашылған «Парасат» қайырымдылық көмекті үйлестіру орталығы ұйымдастырады. Биыл алғашқы тоқсанда жалпы сомасы 4 миллион 200 мың теңгеге бірқатар акция өткізілді. Бұған дейін Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елордада Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін түрлі ұлт аспабында орындау мен ұлттық тағамдар дайындаудан челлендж басталғаны хабарланған болатын. 1 мамырда елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекеленеді. Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен құттықтады. Қазіргі таңда елордада 130 этнос өкілдері тұрады. 23 этномәдени бірлестік белсенді жұмыс жасап келеді.