Газдандыру барысы Мемлекет басшысының бақылауында – Алтай Көлгінов
Қаланы газдандыру елорданың экологиясына оң әсерін тигізумен қатар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға да сеп болады. Қалада екі аудан - Сарыарқа мен Алматы толықтай газдандырылды. Ол үшін 680 шақырымнан астам газ тарату желісін төсеп, орамішілік желілерді тарттық. 14 мың абонент газ қосуға, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарт алды. Бұған қоса, қазірдің өзінде 3,6 мыңнан астам үй (25 пайыздан астам) газға қосылған.
Жазда қалған екі ауданда – Байқоңыр мен Есілде газ келетін құбырлардың құрылысын бастап кетті. Айталық, олар: Ильинка (Үркер), Өндіріс, Пригородный, Телман тұрғын үй алаптары, «Family Village», «Garden Village» және басқа да шағынаудандар. Шұбар шағын ауданына қатысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Есіл мен Байқоңыр ауданында ең алдымен газ келетін құбырларды төсейміз. Ал келесі жылы орамішілік желіні тарту басталады.
Бірқатар жеңілдік қабылдадық. Мұқтаж жандар санатына газ қосу үшін әлеуметтік көмек бөлеміз. Әлеуметтік көмек мөлшерін 413 мың теңгеге дейін ұлғайттық. Мұнан бөлек, тұрғындар тарапынан үйге газ қосу үшін құжаттар жинауға қатысты өтініш болды. Егер бұрынырақ, үйге газ қосу үшін 8 құжат жинау қажет болса, оның өзі бірнеше айға созылып кетсе, ендігі уақытта құжат тізімі екі есеге қысқартылды. Мұндай іс-шара Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында қабылданды.
Бұған қоса, ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің 13 су жылыту қазандығын газға қостық. ЖЭО-3 құрылысын жаңғырттық, құрылыс қарқынды жүріп жатқан жаңа аудандарды жылумен қамтамасыз ету үшін үш дербес газ қазандығын жобалап жатырмыз. Осы шаралардың барлығы қаланың экологиясын айтарлықтай жақсартуға септігін тигізеді. Газдандыру барысы Мемлекет басшысының бақылауында тұр,- деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
-->Қаланы газдандыру елорданың экологиясына оң әсерін тигізумен қатар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға да сеп болады. Қалада екі аудан - Сарыарқа мен Алматы толықтай газдандырылды. Ол үшін 680 шақырымнан астам газ тарату желісін төсеп, орамішілік желілерді тарттық. 14 мың абонент газ қосуға, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарт алды. Бұған қоса, қазірдің өзінде 3,6 мыңнан астам үй (25 пайыздан астам) газға қосылған.