Елордада отандық кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді
Маусым айының ортасында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аясында елордада мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Атамекен» өңірлік палатасы, екінші деңгейлі банк өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлерді мемлекеттік, сондай-ақ жеке несие өнімдерін қолдаудың қолжетімді шаралары туралы қосымша хабардар ету қажеттілігі анықталды.
Ашық есік күніне қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, Халықты жұмыспен қамту орталығының, «Astana» ӘКК, «AstanaInvest» инвестицияларды дамыту орталығының, «Даму» қорының, «Атамекен» ұлттық палатасының, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысады.
Іс-шара 8 шілдеде сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайының екінші қабатында өтеді.
Ақпаратты 55-69-19, 55-69-10 телефондары арқылы алуға болады.
-->Маусым айының ортасында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аясында елордада мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Атамекен» өңірлік палатасы, екінші деңгейлі банк өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлерді мемлекеттік, сондай-ақ жеке несие өнімдерін қолдаудың қолжетімді шаралары туралы қосымша хабардар ету қажеттілігі анықталды.