Алматы және Сарыарқа ауданында 680 шақырым газ тарту желілері аяқталды
-->
Елордада газ тарту жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа ауданында 680 шақырым газ желілерін тартып, жұмысын аяқтадық. Енді үйге газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Әкімдік газ есептегіш құралын тегін қойып береді, ал тұрғындар үйге дейін кіргізуі мен пешін сатып алуы керек. Аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен көмек беріледі. Сондай-ақ банкпен келісіп, пайызсыз қаржы беруді қарастырып жатырмыз, - деді елорда әкімі.