Биыл елордада 600 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр
Елорданың қоғамдық кеңес отырысында қаладағы жасыл желектер мен су жүйелерінің жағдайы, оларды паспорттау мен цифрландыру мәселесі талқыланды.
Осы бағытта атқарылған жұмыстар жайлы қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков баяндап берді.
Оның айтуынша, әзірге осы аталған жұмыстың тек 30 пайызы ғана орындалған.
-->

Қазіргі таңда қалада 1 млн 400 мыңға жуық жасыл желек өскіні бар. Ал «Жасыл белдеу» аумағында 14 млн жасыл желек бар. Осы жылы 600 мыңнан астам жасыл желек егуді жоспарлаудамыз. Оның ішінде «жасыл белдеудің» құрамында 452 мың көшет отырғызу жоспарланған. Көгалдандыру аясында Алматы ауданында 8 мыңға жуық, Байқоңыр ауданында 7 мыңға жуық, Сарыарқа ауданында 7 мыңға жуық, Есіл ауданында 23 500-ге жуық ағаш егілмек,- деді басқарма басшысының орынбасары.
Оның айтуынша, әзірге осы аталған жұмыстың тек 30 пайызы ғана орындалған.
Нысандар құрылысы шеңберінде Жол-көлік басқармасы 71 862 ағаш, Коммуналдық шаруашылық басқармасы 552 ағаш егеді. «Жасыл белдеуді» дамыту аясында «Астана орманы» ЖШС 451 518 ағаш егуді жоспарлап отыр. Саябақтар мен шағын гүлбақтар құрылысы аясында Қоршаған ортаны қорғау басқармасы 92 332 ағаш егуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда көктемгі маусымда 186 мың ағаш отырғызылды. Яғни, жалпы жоспардың 30 пайызы орындалды. Қалған жұмыстар күзде жалғасады. Сондай-ақ, биыл қала аумағында 9 гүлзардың құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 5 гүлзарды аяқтап, тапсырдық,- деді Айдын Бегімбеков.