Қоқыс орындары мен су тапшылығы: қалалық әкімдікте Қосшының мәселесі қаралды
Қосшы елді мекенінен келген өкілдер бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы елорданың сумен жабдықтау желілеріне қосылу деп санайды. Ал қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов аталған мәселе бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды. Жағдайды шешу үшін Қосшы қаласының бас жоспарын әзірлеу қажет. Сонымен қатар Қосшы елді мекенінің тұрғындарын қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі де ерекше алаңдатып отыр. Мәселен, Тайтөбе ауылында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің жабылуына байланысты тасымалдау, сұрыптау, көму, қоқысты кәдеге жарату және т. б. сынды қосымша шығындар пайда болды.
Ерлан Каналимовтың айтуынша, бүгінгі таңда елордалық полигон 80 пайызға толған және бұл мәселе бас қаланы да қатты толғандырып отыр, шаһар полигоны толық толған жағдайда не істеу керектігі туралы ойлану қажет. Алайда Ақмола облысының депутаттары Қосшыдағы көптеген мәселелер Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі араласпайынша шешілмейтінін алға тартты.
Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ
-->Биыл сумен жабдықтаудың 4-кезегінің тарату желілеріне 1,5 млрд теңге бөлінді, бірақ мұнымен мәселе шешілген жоқ, өйткені біздің елді мекенде су жетіспейді. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды, сумен жабдықтаудың үнемі тоқтап қалуы тұрғындарды қатты алаңдатуда. ХХІ ғасырда өмір сүріп отырғанымызды ұмытпасақ екен. Қоғам қазіргідей қарыштап дамыған заманда мұндай проблемалар болмауы керек деп есептеймін. Қазір жаңа жобаны қарастырып, су көзін табуымыз қажет, – деді Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Сайраш Матайбаева.