Елордада су добынан Қазақстан кубогы өтті
Жарыс ережесі бойынша әр ойын 4 кезеңге бөлінді, олардың әрқайсысы 8 минутқа созылды. Барлығы 10 ойын өткізілді. Іріктеу жарыстарынан кейін екі күннен соң жартылай финалға Astana-2 командасы мен Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат құрамасы шықты.
Үшінші орын үшін күрес тартысты болды. Финалда Тараз және Нұр-Сұлтан қалаларының құрамалары күш сынасты. Нәтижесінде Тараз құрамасы жеңіске жетті, Нұр-Сұлтан командасы күміс жүлдегер атанды.
Жарысқа қатысқан спортшылардың бәрі естелік сыйлық, медаль және кубоктармен марапатталды. Оларды Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова құттықтады.
-->Жарыс ережесі бойынша әр ойын 4 кезеңге бөлінді, олардың әрқайсысы 8 минутқа созылды. Барлығы 10 ойын өткізілді. Іріктеу жарыстарынан кейін екі күннен соң жартылай финалға Astana-2 командасы мен Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат құрамасы шықты.