Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты

Елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандар кезек бойынша жанданып жатыр. Тоқтап тұрған тұрғын үй кешендерін аяқтау бойынша ауқымды жұмыс жүруде. 150 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 90-ы аяқталды. Қалған 60 нысан биыл және келесі жылы аяқталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 16 мың үлескердің 13 мыңының проблемасы шешілді. Дегенмен әлі де 3 мың үлескер отбасы бар. Олардың үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шара жоспары бар.

-->

Бүгін қаланы аралау барысында «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен таныстым. Құрылысы ұзаққа созылған бұл нысанда 300-ден астам үлескер отбасы бар. Олардың бәрі жылдар бойы баспаналарын күтіп келеді. Бұл нысанды аяқтау үшін инвестор жұмылдырылды. Витраждарын, терезелерін орнату, ішкі желілерді жүргізу жұмыстары жүріп жатыр, бір жерінде жабынын төсеу, сол сияқты монолитті жұмыстар және т.б. Тұрғын үй кешенін биыл аяқтау жоспарланып отыр, – деп жазды А.Көлгінов.