2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысының сұхбаты жарық көреді
2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды», - деп жазды Б.Уәли.