Елорда жаңалықтары

«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң Үкіметте ұсынылды

ҚР Үкімет отырысында Қаржы министрі «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын ұсынды. 2025 жылы бюджетке шамамен 21,7 трлн теңге деңгейінде түсімдер түседі болжанып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Келесі жылы Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланған.

2025 жылы бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шаққанда 2,7% деңгейінде болады деп болжанған. Ал 2027 жылға қарай ІЖӨ-ге есептегенде 1,9% дейін төмендемек.

2025 жылға арналған кірістер мен тапшылықты ескере отырып, бюджет шығыстары 2024 жылға қарағанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

«Бюджеттің әлеуметтік бағдары сақталып отыр. Осы салаға арналған қаражат келесі жылы 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңгеге артады. Осы арқылы қаражат инфляцияның орташа деңгейіне әлеуметтік төлемдерді индекстеуге жұмсалады. Сонымен қатар гранттар саны артып, ЖОО студенттерінің стипендиясы орта есеппен 15-20%-ға өседі. ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту ұлғаяды», - деді Мәди Төкешұлы.

2025 жылға арналған ҚР бюджетінің шығыстары қалай өзгереді

2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бағытталады. Өсім 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге артады. 

Келесі жылы Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланған.

2025 жылы бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шаққанда 2,7% деңгейінде болады деп болжанған. Ал 2027 жылға қарай ІЖӨ-ге есептегенде 1,9% дейін төмендемек.

Қаражат келесідей бағыттар аударылады:

 Біріншіден, инфляцияның орташа деңгейіне әлеуметтік төлемдерді индекстеу: базалық зейнетақы мен жәрдемақы 6,5%-ға, инфляцияның орташа деңгейінен 2%-ға ілгерілеп, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға ұлғаймақ.  Қосымша әлеуметтік төлемдерді алушылар контингентін индекстеуге және ұлғайтуға (180 мың адамға) 626 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңгеге жетеді.

 Екіншіден, гранттар санының 2024 жылмен салыстырғанда қосымша 2500 орынға ұлғаяды. Нәтижесінде, қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы 78 мыңға жуық білім беру гранты бөлінетін болады.

 Үшіншіден, ЖОО студенттеріне арналған стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту. Нәтижесінде бакалавриат студенттері үшін стипендияның орташа мөлшері 52 372 теңгені, магистратура үшін - 117 098 теңге мөлшерінде болады.

 Төртіншіден, халық санының өсімін және науқастар санының ұлғаюын ескере отырып, ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды ұлғайту.

 Бесіншіден, өңірлерді қолдау. 2025 жылы республикалық бюджет есебінен өңірлерге арналған қаражат 348 млрд теңгеге ұлғайып, 7,4 трлн теңге бөлінетін болады.

 Азаматтарға арналған республикалық бюджет

2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет әлеуметтік саланы қолдауға бағытталады

Осы арқылы бөлінген қаражаттың нәтижесінде 2025 жылы келесі шаралар жоспарланған:

-қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың 99,6%-ға дейін, ауылдық елді мекендерде 98%-ға дейін қамтамасыз ету;

-жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 51%-ге дейін төмендету;

-51 515 адам мен 3 ауылдық елді мекеннің табиғи газға қолжетімділігін қамтамасыз ету. 2025 жылы халықты газдандыру деңгейі 62% артады;

-«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 18 көлік инфрақұрылымы нысаны, 33 тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және 91 әлеуметтік нысан жаңғыртылады.

2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет: экономиканың нақты секторын қолдау

Қазақстан экономикасының нақты секторын қолдауға 2025 жылы республикалық бюджетпен 2,1 трлн теңге бөлу көзделген. 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 635 млрд теңге бағытталатын болады. Осы бағыт шеңберінде көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беруді іске асыру, «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру, СҚО тәжірибесі бойынша ірі инвестициялық жобаларға кредит беру, сондай-ақ АӨК субсидиялау көзделген.

Республикалық деңгейде көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар 568 млрд теңгеге артады. Бұл қаражатқа 18 мың шақырымнан астам жол күтіп-ұстау қамтамасыз етіледі, мемлекеттік кепілдікпен берілетін қарыздар есебінен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 жобасы қайта жаңартылады және 7 292 мөлшерінде теміржол вагондарының жылжымалы құрам паркі жаңартылады.

Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдауға 204 млрд теңге бағытталады. Қаражат жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша қабылданған міндеттемелерді өтеуге, операторлық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ кәсіпкерлік әлеуетті сауықтыруға және нығайтуға арналған сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жұмсалады.