Елорда жаңалықтары

Елордадағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

 

-->

Кеше сағат 15-те Қорғалжын тасжолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында жалпы аумағы шамамен 6,5 га болатын жерде қамыс өртенді. «Астана Орманы» МКК күшімен өртенген жердің периметрі бойынша жер жыртылды. Жалынның «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ. Төтенше жағдайды жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 8-де Нұр-Сұлтан аэродромынан өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы ұшып кетті, - делінген ТЖМ хабарламасында.