Елорда жаңалықтары

Бас қалада әлеуметтік төлем алу үшін 12 мыңнан астам өтініш түсті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ «Біз біргеміз» акциясы барысында атқарылған шаруаларға тоқталып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысы ұсынған дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде азаматтарды қолдау бойынша жұмыстар басталып кетті. Әлеуметтік төлемді алушылар тізімі кеңейтілді. Жұмыс берушілерден бүгінгі таңда 12 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Оның 3 500 өтініші қаралды. Төлем жүргізу басталды. Тағы 4 мыңға жуық жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Барлық процестер барынша жеңілдетілген», деді Алтай Көлгінов. МӘМС жүйесінде елорда тұрғындары 100 пайызы тіркелген. Оларға тиісті медициналық көмек толық көлемде көрсетілетін болады. «Елбасының Үндеуіне сәйкес, «Nur Otan» партиясымен бірлесіп «Біз біргеміз» акциясы аясында 6 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілу басталды. Атап айтқанда, ең қажетті деген азық-түлік, тұрмысқа қажетті медициналық және гигиеналық заттар жеткізілуде. Қазіргі күні 3 600 отбасы азық-түлік топтамасын алды. Барлық әлеуметтік міндеттемелерді уақытында және сапалы орындаймыз», - дейді қала әкімі.

-->