Елорда жаңалықтары

Елордада отбасылық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды

Іс-шараға «Рухани қоғам әлемі» ҚҚ төрайымы Лимана Қойшиева, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Қарақат Әбден, комиссия мүшелері Назгүл Мақжан мен Гүлмира Шрахметова, продюсер Айнұр Жүгінісова, «Kazbrands» ҚҚ төрайымы Жаңыл-бике Кайкенова, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қарлығаш Саркенова қатысты.

Кездесу барысында бүгінде бүкіл әлемде отбасы институтына қауіп төндіретін мәселелер, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды нығайту және насихаттау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, толық емес отбасылардың көбеюінің негізгі себебі – ажырасу жағдайларының артуы. Бүгінде Қазақстан ажырасу деңгейі ең жоғары он елдің қатарына кіреді екен. Егер 2020 жылы осы көрсеткіш бойынша біздің еліміз 6-орынға ие болса, өткен жылы ол 2-орында болды.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі де талқыланды. ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде жарты миллионнан астам адам зорлық-зомбылықтан қайтыс болады екен.

Кездесуге қатысушылар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған шараларды іске асыруда пікір мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

-->

Өкінішке қарай, Қазақстанда жалғыз басты аналар мен әкелер тәрбиелеп отырған балалар саны артып келеді. Атап айтқанда, қазір Қазақстанда 18 жасқа дейінгі 4,7 млн бала мен жасөспірім тұрады. Оның ішінде 711 мың кәмелетке толмаған бала аналарымен бірге тұрады, 300 мыңын әкелер тәрбиелеп отыр, 294 мыңы – жетім балалар. Соңғы жылдары толық емес отбасылардың өсу тенденциясы анық байқалды. Олардың көпшілігі жұмысқа орналасу, балаларды қараусыз қалдыру мәселелеріне тап болуда. Мұндай отбасыларда ата-ана мен бала өзін-өзі толыққанды сезінбейді, жабырқау жүреді, депрессияға түседі, –  деді әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі елордалық комиссия хатшысы Қарлығаш Саркенова.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, толық емес отбасылардың көбеюінің негізгі себебі – ажырасу жағдайларының артуы. Бүгінде Қазақстан ажырасу деңгейі ең жоғары он елдің қатарына кіреді екен. Егер 2020 жылы осы көрсеткіш бойынша біздің еліміз 6-орынға ие болса, өткен жылы ол 2-орында болды.

Өткен жылы Қазақстандық қоғамдық даму институты зерттеу жүргізіп, республикамыздағы неке бұзылу жағдайларының негізгі себептерін анықтады. Ажырасудың негізгі себептері: маскүнемдік, нашақорлық – 47,5%, тұрмыстық зорлық-зомбылық – 51,1%, ерлі-зайыптылардың опасыздығы – 42,1%, құмар ойындарға деген құштарлық салдары – 30,2%, махаббаттың болмауы, түсініспеушілік – 24,4%, жұбайына деген сыйластықтың жоқтығы – 19%, балалардың болмауы – 16,4%.  Басқа себептер ретінде экономикалық проблемалар, ерлі-зайыптылар мінездерінің сәйкес келмеуі және өмірге деген көзқарастарының әртүрлі болуы, отбасылық міндеттерге жауапсыз болуы, туыстардың араға түсуі, сондай-ақ некеге дайын болмауы секілді себептер айтылды, - деді әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі елордалық комиссия мүшесі Назгүл Мақжан.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі де талқыланды. ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде жарты миллионнан астам адам зорлық-зомбылықтан қайтыс болады екен.

Үйдегі зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу – Қазақстанның отбасылық-демографиялық саясатының өзекті күн тәртібі. Зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюі қоғам мен жеке адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, осылайша өткір әлеуметтік проблема туындайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешудің маңыздылығын атап өтіп, алдын алу шараларының тиімділігін арттыруды, агрессорлармен әлеуметтік-оңалту және тәрбие жұмысының жүйесін әзірлеуді, құқық бұзушыларға берілетін жазаларды күшейтуді тапсырды, - деп атап өтті әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі елордалық комиссия мүшесі Гүлмира Шрахметова.

Кездесуге қатысушылар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған шараларды іске асыруда пікір мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастардың алдын алу шарасы олардың туындау себептері мен мән-жайларын анықтауға және орнықтыруға бағытталған құқықтық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық аспектілерді қамтуға тиіс. Ол жеке тұлғаның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін уақтылы және пәрменді қорғау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алу үшін қажет. Бұдан бөлек бүгінгі маңызды саяси өзгерістер кезеңінде жас ұрпақтың шынайы жағдайын көрсететін нақты фактілер мен сандары бар жаңартылған, өзекті жастар күн тәртібі керек. Сонымен қатар әлеуметтік инклюзия және гендерлік саясат мәселелерін тағы да пысықтауды ұсынамын, – деп сөзін түйіндеді елорда әкімінің орынбасары Берік Жәкенов.