Елордада қоқыстан газ өңдеу эко-жобасы таныстырылды
«Астананың Эко полигоны» және «PRG» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қалалық қоқыс полигонында электр энергиясын ала отырып, қоқыс газын қайта өңдеу жүйесінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін әзірлеп, орнатты. Жобаға шет мемлекеттердің тәжірибесі алынды.
Қоқысты электр энергиясын өндіру үшін шикізат ретінде пайдалану жасыл экономикаға көшу жолындағы мақсаттарға қол жеткізудің тағы бір қадамы болуы мүмкін.
Жоба келесідей жұмыс істейді: газ шығару құбырлары полигонға орнатылады, газ магистралі сүзу жүйесіне тартылады, қоқыс газы қоспалардан тазартылады, нәтижесінде энергия өндіретін генератор үшін отын ретінде қызмет ететін биогаз пайда болады.
-->«Астананың Эко полигоны» және «PRG» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қалалық қоқыс полигонында электр энергиясын ала отырып, қоқыс газын қайта өңдеу жүйесінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін әзірлеп, орнатты. Жобаға шет мемлекеттердің тәжірибесі алынды.
Қоқысты электр энергиясын өндіру үшін шикізат ретінде пайдалану жасыл экономикаға көшу жолындағы мақсаттарға қол жеткізудің тағы бір қадамы болуы мүмкін.
Жоба келесідей жұмыс істейді: газ шығару құбырлары полигонға орнатылады, газ магистралі сүзу жүйесіне тартылады, қоқыс газы қоспалардан тазартылады, нәтижесінде энергия өндіретін генератор үшін отын ретінде қызмет ететін биогаз пайда болады.
«Астананың Эко полигоны» ЖШС және «PRG» ЖШС басшылығына қалалық полигонның жабық 1 ұяшығы базасында пилоттық жобаны іске асыруға қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен осы жоба өз жалғасын тауып, инвесторлардың назарын энергияға қайта өңдеуге аударады деп шын жүректен үміттенемін, - деді қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева.