Елорда жаңалықтары

Елордада жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдар пайда болды

Бұл ретте қала қиылыстарында жарығы бар жаяу жүргіншілер бағдаршамы қолданылады. SWARCO өндірушісінің жаңа бағдаршамы әдеттегі дыбыстық функцияны толықтырмақ. Енді бағдаршамның қызыл жарығы тротуарға түсіп, тиісінше жаяу жүргіншілердің смартфонының дисплейіне де шағылысатын болады. Жаяу жүргіншілер бағдаршамы жердегі жарықтандыру функциясын орындап қана қоймай, өзіне жолда телефоннан көз алмай жүретін балалар мен жасөспірімдердің де назарын аудартады. Осылайша жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосуы тиіс. Қазір оның тәжірибелік нұсқасы 9 бағдаршам объектісіне қолданылып отыр. Сондай-ақ көшелерге дыбыстық жол көрсету жүйесі бар бағдаршамдар да орнатыла бастаған. Ол әсіресе көзі нашар көретін жаяу жүргіншілерге тиімді. Ондай бағдаршамдар қазір қаланың 7 объектісінде тұр.

-->