Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда 150-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Алдын ала ақпарат бойынша, олардың 30%-ы коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттермен жұмыс істеген кезде ауырған, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың мәліметінше, елордада 150-ден астам медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған. Олардың қатарында республикалық және қалалық медицина мекемелерінің мамандары бар. «Өкінішке қарай, олардан коронавирус анықталды. Жұмысын атқару барысында шамамен 30%-ы ауырды. Денсаулық сақтау басқармасы комиссия құрып, эпидемиологтар осыны тексеріп, үлкен жұмыс атқарып жатыр. Мамандардың пациенттерден немесе басқа адамдардан жұқтырғанын анықтаймыз», - деп түсіндірді Қисықова.

-->