Елорда жаңалықтары

Елордада мектептен өрт шықты

 

-->
"Бүгін 9 сағат 4 минутта Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаева, 4 мекенжайында орналасқан №54 мектеп-лицейінде өрт болып жатыр деген хабар түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде кіреберістегі 1-қабаттағы төбе жабындысының бықсып жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушелер жедел үйлесімді әрекетімен өрт 15 минутта толығымен сөндірді. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланған. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасуда. Өрт сөндіруге Өрт сөндіру қызметінен 8 қызметкер және 4 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген ТЖД хабарламасында.