Елорда жаңалықтары

Елордада екі шетел азаматы коронавирустан емделіп жатыр

Нұр-Cұлтанда барлығы COVID-19 вирусын жұқтырған жеті шетел азаматы тіркелген, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалада қауіпті індет жұқтырған жеті шетел азаматы тіркелген. Бүгінгі күні олардың бесеуі емделіп, жазылып шықты. Кейбір адам үй карантинінде болса, кейбіреуі карантинді аяқтады. Қазіргі уақытта екі шетелдік ем-дом қабылдап жатыр. Барлық жеті адам жайлы айтсақ, олар АҚШ, Ауғанстан, Ресей, Украинадан. Бүгінде емделіп жатқан екі шетелдіктің халі орташа ауыр. Олар жан сақтау бөлімінде де болған», - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова «Денсаулық сақтау хабарлайды...» айдарында. Оның айтуынша, екі науқастың бірі Ауғанстан, екіншісі АҚШ-тан келген.

-->