Елордалық каратэшілер республикалық турнирдің жеңімпазы атанды
Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне, сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шараны Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ашты. Іс-шараға Орталық Азиядағы Кекушинкай будакай каратэ федерациясының президенті Еркінбек Ахмадалиев, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы, полиция полковнигі Бақытжан Әмірхан қатысты.
Жарыс қорытындысында бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы (24 алтын), екінші орынды Көкшетау қаласы (11 алтын), үшінші орынды Атырау қаласы (2 алтын) иеленді.
Мақсат РАХЫМБЕРДІ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
-->

Айтулы шара «Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала 2022-2025» бағдарламасы бойынша өтіп жатыр. Турнир – 2023 жылы Испанияда өтетін әлем чемпионатына дайындық. Бұл спорт түрі елімізге 2016 жылы қосылса да, қарқыны жаман емес, жыл сайын еліміздің әр қаласында дамып жатыр. Бүгінгі болып жатқан жарыс сөзімнің дәлелі, - дейді турнирді ұйымдастырушы республикалық Кёкушинкай будакай каратэ федерациясының жетекшісі Нұрсұлтан Мұхтарұлы.