Елорда жаңалықтары

Референдум: Елорда учаскелерінде дауыс берушілер қатары көп

Сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіру және референдумда дауыс беру үшін кезекке тұрды.

Елордадағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдау немесе оған қарсы дауыс беру үшін кезекте тұр. Демалыс күніне қарамастан барлық учаскеде сайлаушылардың көптігі байқалады.

Астана тұрғыны Мәдина Сұлтанбекова №13 референдум учаскесіне немересімен келіпті.

Нұр-Сұлтанда таңғы сағат 7-ден бастап 348 учаске жұмыс істейді, оның 248-і – ашық, 35-і – жабық, тағы 65-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.

-->

Алты Алаштың басын қосып, елімнің еңселі ел болуына зор сеніммен қарап немеремді ертіп, дауыс беруге келдім. Әрине бір күнде өзгеріс бола қоймасы анық, болашақтың еншісінде. Қадамы құтты болсын деп ырымдап немеремді алып келдім, - дейді елорда тұрғыны, ардегер ұстаз Мәдина Сұлтанбекова.