Елорда жаңалықтары

Туған күні мен референдум қатар келген күн: елордалық бойжеткен алғаш рет дауыс берді

Қала іргесінде орналасқан Күйгенжар елді мекенінің тұрғыны – Алтын Әбдірахманова үшін 5 маусым туған күні ғана емес, тарихи сәт болып саналмақ. Алғаш рет дауыс берген ол естелік ретінде сыйлық алды.

Қолына жеке куәлігін енді ғана алған Алтын, бұл күнді асыға күтіпті. Алғаш рет саяси науқанға ат салысып отырғанын мақтаныш етеді. Өзі тұратын елді мекендегі референдум учаскесіне түс болмай барып, өз дауысын берді. Ол биылғы туған күні тарихи күнмен тұспа-тұс келгенін жақсылыққа балап отыр.

Ол референдум өзінің мамандығымен тығыз байланысты екенін айрықша айтып өтті. Өйткені ол Еуразия Гуманитарлық колледжінде Құқықтану мамандығында оқиды. Биыл 3-курсты тәмәмдап жатыр. Сондықтан Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықтың таңдауы бірегей жоба деп санайды.

Айта кетейік, референдум учаскесі Күйгенжар елді мекеніндегі №42 орта мектебінде орналасқан. Таңғы 7:00-де келген ауыл тұрғындарына естелік ретінде сыйлық табысталған. Олардың арасында туған күн иесі Алтын Әбдірахманова да бар.

-->

Бүгін – тарихи күн, 18 жасқа, яғни кәмелеттік жасқа толуыммен тұспа-тұс келіп тұрғандықтан – бұл мен үшін қуанышты сәттің бірі. Референдумға алғаш рет қатысып, дауыс беріп тұрмын. Бойымда қуанышпен қатар қобалжу сезімі де бар, – дейді Алтын Әбдірахманова.

Ол референдум өзінің мамандығымен тығыз байланысты екенін айрықша айтып өтті. Өйткені ол Еуразия Гуманитарлық колледжінде Құқықтану мамандығында оқиды. Биыл 3-курсты тәмәмдап жатыр. Сондықтан Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықтың таңдауы бірегей жоба деп санайды.

Тұрғылықты тізім бойынша, учаскемізде тізім бойынша 1284 жергілікті тұрғын бар. Оның ішінде 19 адам 18 жасқа толған жасөспірім ретінде тіркелген. Тіркелген тізім бойынша ең егде жастағы дауыс беруші – 96 жастағы әжей, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы №33 учаскелік бөлімінің төрағасы Меруерт Әбуова.