Елорда жаңалықтары

Елордада "Тұлпар" сауда үйінен өрт шықты

Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

-->
"Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 "Тұлпар" сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. #3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндірушілер жеткенде 4 қабатты сауда үйінің ең жоғарғы 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінді", - делінген хабарламада.

Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.