Елордалық спортшыларға берілетін сыйақы еселенді
Сондай-ақ, ол жаттықтырушылардың да жалақысы 2024 жылға дейін 25 пайызға өсетінін жеткізді.
Еске сала кетсек, бұған дейін астаналық балалар мен жасөспірімдердің спортпен тегін шұғылдана алатындығы хабарланған болатын.
-->«Елдегі пандемияға қарамастан, өткен жыл елорда спортшылары үшін табысты болды. Спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері ұлғайып, оны алатындардың саны 84-тен 170-ке дейін артты. Нақтырақ айтсақ, Олимпиада ойындарының жеңімпазына бұрын 97 334 теңге сыйақы берілсе, қазір оның көлемі 694 500 теңгеге дейін өсті. Әлем чемпионы атанған спортшы 93 794 теңге сыйақы алса, бүгінде ол 277 800 теңгеге дейін артты. Ал Азия Чемпионатының сыйақы мөлшері 83 176 теңгеден 222 240 теңгеге дейін ұлғайды. Тиісінше ҚР Чемпионатында жүлдегер атанған спортшы бұрын 79 637 теңге сыйақы иеленсе, қазір жеңімпазға 166 680 теңге көлемінде сыйақы беріледі», - деді Самат Ерғалиев.
Сондай-ақ, ол жаттықтырушылардың да жалақысы 2024 жылға дейін 25 пайызға өсетінін жеткізді.
«Жоғарыда аталған өзгерістер нәтижесінде Олимпиадалық және Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту дирекцияларының құзыреті артады және елорда құрама командаларының спорттық бәсекелер мен халықаралық додаларға дайындық жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ биылдан бастап елордалық спортшылардың іссапарына бөлінетін қаражат қолма-қол ақшамен емес, тікелей спортшылардың жеке шоттарына аударылатын болды», - дейді басқарма басшысы.
Еске сала кетсек, бұған дейін астаналық балалар мен жасөспірімдердің спортпен тегін шұғылдана алатындығы хабарланған болатын.