Елорда жаңалықтары

Елордада 15 маусымнан бастап «TRANSCARD» көлік карталарының құны өзгереді

-->

Құрметті жолаушылар! 2022 жылдың 15 маусымынан бастап «TRANSCARD» көлік карталарының құны өзгеретінін хабарлаймыз.

Дербестендірілген (жеңілдікті және мектептік) көлік карталарын бастапқы шығару құны ҚҚС-мен 800 теңгені, қайта шығару құны ҚҚС-мен 1500 теңгені құрайды.

Атаулы емес көлік карталарының құны ҚҚС-мен 800 теңге.

Картаны шығару құнының өзгеруіне жеткізушілерден көліктік картаны сатып алу бағасының көтерілуі және көлік карталарын сату операциялық шығындарының артуы себеп, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.