Елорда жаңалықтары

Елордада Бөкейхан көшесінде жөндеу жұмыстары басталды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бөкейхан көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Осыған байланысты биыл 26-29 тамыз аралығында Ұлы дала даңғылынан бастап Әбіш Кекілбаев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

-->

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген басқарма хабарламасында.