Елорда жаңалықтары

Елордада қоғамдық көліктердің саны артты

Серіктес компания өкілдерінің айтуынша, халықпен санасқан түрде №26 бағдарда автобусты маршрутқа шығару жоспары бар. Сонымен бірге, оқу жылының басталуына орай, сұранысқа байланысты транспорт санын көбейту қарастырылған.

Қоғамдық көлікте көп жүретіндерге бұл жағдай әбден таныс. Карантин басталғалы Көлікті бақылау департаменті қызметкерлерінің де жұмысы қиындай түскен. Олар жолаушылардың төлемін тексергеннен бөлек, санитарлық нормалардың орындалуына да баса назар аударады. Әр бақылаушы күніне кемінде 80 автобуста тексеріс жүргізеді екен. Мысалы, CTS Көлікті бақылау департаментінің бас менеджері Жасұлан Шыныбек биылдыққа жолақысын төлеуден жалтарған 134 мыңнан астам адамға ескерту жасалғанын жеткізді. Ал 5 мыңға жуық жолаушы айыппұл арқалаған. Бірақ бүгінде қоғамдық көлікке мінетіндердің саны азайыпты. Карантинге дейін автобус қызметін 750 мыңнан астам тұрғын пайдаланса, қазір жолаушылардың саны 200 мыңға дейін қысқарған.

-->

«1 қыркүйекке таман оқушылардың оқуын оффлайн режимге өткізуіне байланысты, қазіргі кезде анализ өткізіліп жатыр. Ол үшін біз жолаушылар ағымын зерттеп жатырмыз. Қала ішінде қатынайтын автобустар санын өсіруге жұмыстар жүргізілуде», - деді Көлікті үйлестіру департаментінің менеджері Альмира Әжғалиева.