Елорда жаңалықтары

Биыл «iKOMEK»-ке 1,5 миллионнан астам елордалық жүгінген

Орталық қызметі тәулік бойы жүргізіледі. Күніне ондағылар 25 мыңға дейінгі қоңыраулар мен хабарламалар қабылдайды. Кейбір азаматтар тіпті «iKOMEK» арқылы полиция, жедел жәрдем қызметін де шақырады екен.

Тұрғындардың өтініштерін қабылдаудан бөлек, орталық қаладағы оқиғаларды да үздіксіз бақылауына алған. Көше бойындағы бейнебақылау камераларының көмегімен «iKOMEK» операторлары, тіпті құқық бұзушылықтарды анықтап, кейде қауіпті жағдайлардың алдын алады.

Жалпы елордада «iKOMEK» орталығының арқасында биылғы жыл басынан бері 12 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Нәтижесінде мемлекет пайдасына 25 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліпті. Осы орайда орталық талап-өтініштердің 80 пайыздан астамы алғашқы қоңыраумен-ақ шешілетінін жеткізді. Ал қалған арыздар басқа ұйымдар арқылы әрі кетсе бір аптаның ішінде қанағаттандырылады екен.

-->

«Біз қаладағы пәтер иелері кооперативі, жеделсатыға жауаптылар, коммуналдық және апаттық қызметтер сияқты 800-ге тарта ұйыммен тығыз баланыстамыз. Өйткені тұрғындардың талап-тілегін осы ұйымдар арқылы бірлесіп, жедел шешеміз», - дейді қалалық «iKOMEK109» орталығы басшысының жедел әрекет ету, талдау және сапаны бақылау жөніндегі орынбасары Асылбек Бөрібаев.

Тұрғындардың өтініштерін қабылдаудан бөлек, орталық қаладағы оқиғаларды да үздіксіз бақылауына алған. Көше бойындағы бейнебақылау камераларының көмегімен «iKOMEK» операторлары, тіпті құқық бұзушылықтарды анықтап, кейде қауіпті жағдайлардың алдын алады.

«Біз тек тұрғындардың мәселелерін тиісті орындарға жеткізіп қана қоймаймыз. Біз полицияға қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды ашуға көмектесеміз. Яғни бейнебақылау камералары арқылы тәртіп бұзғандарды анықтаймыз және оған қатысты мәліметтерді тиісті орындарға жібереміз», - дейді Асылбек Бөрібаев.