Елордада бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды тағайындау жөніндегі конкурстың қорытындысы шығарылды
Биыл байқауға қатысуға елордалық шағын бизнес субъектілерінен 1 891 өтінім келіп түсті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,6 есе көп (335 өтінім).
Оның ішінде конкурстық комиссия алдында қорғауға 918 өтінім жіберілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 5,2 есеге артық (177 өтінім). Олардың барлығы мемлекеттік грант беру ережелерінің шарттары мен талаптарына сәйкес келді.
Мәселен, 291 өтінім (2021 жылы – 58 өтінім) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлерден, тағы 29 жасқа дейінгі 223-жас кәсіпкерден (2021 жылы - 49 өтінім) келіп түсті.
Нәтижесінде конкурстық комиссия гранттар беруге 135 жобаны ұсынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп (2021 ж. – 68 жоба). Оның ішінде 28 жоба - халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлер және 27 жоба-жас кәсіпкерлер.
Айта кетейік, биыл гранттарды тағайындау үшін бюджеттен өткен жылдағыдай 345 млн. теңге бөлінді. Комиссия мақұлдаған 135 жобаны қаржыландыру үшін көзделген қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты, қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бюджеттен 272 млн.теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлуге бастамашылық жасады.
Гранттар беру ережелеріне сәйкес, қарастырылған бюджет қаражатының 20%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарының жобаларын қолдауға бағытталады.
-->