Елордалық ҚХА мұқтаж отбасының балаларын мектепке дайындады
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/08/3-2-300x200.jpeg)
Елордалық ҚХА әрдайым 1 қыркүйек қарсаңында өтетін бұл акциядан бөлек, Халықаралық балаларды қорғау және Алғыс айту күнінде де жәрмеңкелер ұйымдастырып, содан түскен түрлі демеушілік қаражатпен балаларға жәрдемдесіп тұрады. Мысалы, биылғы қаңтар айынан бастап 48 миллион теңгеге 43 қайырымдылық акциясын өткізген.
Енді міне, «Мектепке жол» акциясы аясында елордалық ҚХА 80-нен астам балаға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылардың бұл игі ісіне қайырымдылыққа зәру отбасылар алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысады. Бүгін біз бастаған акция бір күндік емес, 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмектесеміз. Біздің патронатымызда өзіміз үнемі көмек көрсетіп тұратын отбасылар бар. Қазір еріктілер, этномәдени орталықтар және меценаттар 45 балаға рюкзактар, кеңсе тауарлары мен киім-кешек дайындады», - деді қалалық Ішкі саясат басқармасы бөлімінің бас маманы Галина Кобзева.