Елорда жаңалықтары

Биыл бас қаланың оңтүстік-шығысы толық газдандырылады

Бұған дейін газдандыру жұмыстарын асыға күткен тұрғындар құрылыс жұмысының басталмай жатқанына алаңдаған болатын. Одан кейін мәселе «Nur Otan» партиясының араласуымен шешімін тапты. Өйткені партияның сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтанда 240 мыңға жуық тұрғыны бар 20 мыңнан астам жеке тұрғын үй табиғи газ желісіне қосылады деп жоспарланған еді. Солай болған жағдайда ауадағы зиянды заттар 70 пайызға төмендейді екен.

Оның айтуынша, партия алдағы уақытта да бұл жұмысты бақылауда ұстап, сапалы жүзеге асуын қадағалап отырмақ. Ал қала әкімдігіне қарасты Отын ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Смағұлов құрылыс жұмыстарын аяқтау қыркүйек айының соңына дейін жоспарланып отырғанын жеткізді. Алдымен оны сынау жұмыстары жүргізіліп, содан кейін «КазТрансГаз Аймаққа» тапсырылады.

-->

«8 көшенің белсенді тұрғындары газдандыру мәселесі бойынша бізге жүгінген болатын. Міне, енді осы Күншуақ көшесінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұл – тұрғындардың шағымы ескерусіз қалған жоқ деген сөз», - дейді «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхамеджан Болысбек.