Биыл бас қалада 15 жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Кеше «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері салынып жатқан білім нысандарының құрылысымен танысты. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев бас қаладағы мектеп тапшылығы мәселесін шешу өте маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, білім беру нысандарының уақытылы тапсырылуы қатаң бақылауда болады.
-->Кеше «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері салынып жатқан білім нысандарының құрылысымен танысты. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев бас қаладағы мектеп тапшылығы мәселесін шешу өте маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, білім беру нысандарының уақытылы тапсырылуы қатаң бақылауда болады.
«Қазір құрылысы жүріп жатқан әр мектепті депутаттар қадағалауда. Қала күннен-күнге көркейіп, кеңейіп жатыр. Сондықтан қажеттілік те жоғары. Ал сұранысты қанағаттандыру – міндет», - деді депутат.