Елордада колледждер студенттерінің жәрмеңкесі өтті
Көрмеде елордалық колледждердің студенттері мен оқытушылары бейнелеу, қолданбалы, аспаздық, техникалық сипаттағы шығармашылық идеялар мен жұмыстарды ұсынды. Мұнда мектеп бітірген түлектер сарапшылармен кеңесіп, болашақ мамандығы мен оқу орнын анықтауына мүмкіндік алды.
Бейресми және қызықты түрде өткен көрменің арқасында түлектер көптеген мамандықтар жайлы ой түйді, шеберлік сыныптары аясында кәсіби сынақтардан өтті.
-->Көрмеде елордалық колледждердің студенттері мен оқытушылары бейнелеу, қолданбалы, аспаздық, техникалық сипаттағы шығармашылық идеялар мен жұмыстарды ұсынды. Мұнда мектеп бітірген түлектер сарапшылармен кеңесіп, болашақ мамандығы мен оқу орнын анықтауына мүмкіндік алды.
Қазіргі уақытта елордада 8 мемлекеттік колледж бар, онда 28 мың студент оқиды. Жыл сайын кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін қалада Студенттік жәрмеңке өткізіледі. Біз 9 және 11-сынып түлектерін оқу орнын таңдау арқылы түпкілікті шешім қабылдауға шақырдық, – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.
Бейресми және қызықты түрде өткен көрменің арқасында түлектер көптеген мамандықтар жайлы ой түйді, шеберлік сыныптары аясында кәсіби сынақтардан өтті.
Бүгін біз үш мамандықты ұсындық: наубайшы-шебер, дизайнер-модельер және шаштараз-стилист. Сондай-ақ, студенттеріміздің қолдан жасалған бұйымдары көрсетілді. Ал колледжіміздің ашылғанына 70 жыл болды. Әлемдік стандарттарға сай білім беріледі. Мемлекеттік мекеме болғандықтан, бізде оқу тегін. Сондай-ақ 35 000 теңгеге дейін шәкіртақы беріледі, – деді Техникалық колледждің оқытушысы Алтынбек Есенов.