Елорда жаңалықтары

Есіл ауданының саябақтарын абаттандыру жөнінде 5 мыңнан астам өтінім түскен

Жалпы, аудан аумағында 5 қалалық саябақ, 38 сквер, 2 бульвар және ботаникалық бақ орналасқан. Сондықтан қазір жайлы қоғамдық орын құру және таза ауада демалу мен серуендеу үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша күнделікті жұмыстар жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Орталық саябақты соңғы қайта құру ісі 7 жыл бұрын жүргізілген болатын. Енді міне, осы күні ол жердегі мәрмәр тақталар мен тастөсемдер ауыстырылып жатыр. Тұрғындардың өтініші бойынша «Серуен» көпірінің астына да тротуар салынуда. Сонымен қатар, Есіл ауданының аумағын жинауға 3 мердігерлік ұйым, 50 арнайы техника және 155 жұмысшы жұмылдырылған. Есілдің сол жағалауындағы көз сүйсінтер кереметтердің бірі Ботаникалық бақ екені сөзсіз. Оның бас агрономы Анар Мұхамбетованың айтуынша, биыл баққа ағаштардың, бұталардың және гүлдердің 20 мыңнан астам түрі отырғызылған.

Оның айтуынша, ботаникалық бақтағы тоғанның айналасына емен, қайың және қызыл үйеңкі өсетін аллея құру жоспарланған. Ал бақтың Қабанбай батыр даңғылы жағынан таяуда ғана жаңа көшеттер аллеясы пайда болды. Яғни, бұл – Ботаникалық бақ жыл сайын әдемілене түседі деген сөз. Алайда бас агроном кейбір азаматтардың көгалдарды бүлдіріп, гүлді жұлып, таптап жүргеніне қынжылады.

-->

«Биыл біз раушан бағы, хризантема, гидранж коллекциясы қамтылған жаңа учаскелерді игеруді жоспарлап отырмыз. Ғылыми мақсаттар үшін 3 мыңға жуық раушан мен 2 500-ден астам хризантема отырғызамыз. Әр учаскеде өздерінің кураторлары, аға және кіші ғылыми қызметкерлер өсімдіктер дамуының этимологиясын зерттейді. Біз олардың ұсыныстарын орындаймыз, өсімдіктерге күтім жасаймыз және агротехнология ережелерін сақтаймыз», -дейді Анар Мұхамбетова.

Оның айтуынша, ботаникалық бақтағы тоғанның айналасына емен, қайың және қызыл үйеңкі өсетін аллея құру жоспарланған. Ал бақтың Қабанбай батыр даңғылы жағынан таяуда ғана жаңа көшеттер аллеясы пайда болды. Яғни, бұл – Ботаникалық бақ жыл сайын әдемілене түседі деген сөз. Алайда бас агроном кейбір азаматтардың көгалдарды бүлдіріп, гүлді жұлып, таптап жүргеніне қынжылады.

«Бұл жерден Қазақстан аумағында сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді табуға болады. Қала тұрғындарының осы сұлулықты сақтағанын қалаймын. Бірақ кейбір адамдар өсімдіктерді зақымдайды, жұлады және қазып алады. Сондықтан біз учаскелерді қоршаған жөн деп есептейміз. Тағы бір мәселе – Ботаникалық бақтың айналасында кешке балмұздақ пен балалар ойыншықтарын сататын және велосипедті жалға беретін адамдар бар. Бұл ретте олардың коммерциялық қызметі де бағымызға зиянын тигізеді. Сол себепті, бізге тәулік бойы полицейлік патрульдеу қажет»,- дейді Анар Мұхамбетова.