Әуе рейстері: Елордада жолаушылар коронавирусқа тестілеуден қайдан өте алады
Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолаушылар COVID-19 коронавирус инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестінен өткені туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Бұл анықтама жеті күнге беріледі. Мерзім өткеннен кейін ПТР-тестілеуден қайта өтіп, жаңа анықтама алу қажет. Зертханалардағы барлық зерттеу азаматтардың өз қаражаты есебінен, ақылы негізде жүргізіледі», – деді бас қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Нұр-Сұлтанда тестілеуден өтуге арналған зертханалар мекен-жайы мен телефондары:
- «Олимп» КДЛ: Республика даңғылы, 2/1; Гете көшесі, 3; Б. Момышұлы даңғылы, 16; Абылайхан даңғылы, 12/1; Е-10 көшесі, 2 үй; Манкент тұйығы, 2 (мобильді пункт). Тесттер тек 8 701 961 70 08 (WhatsApp мәтіндік СМС) телефонына алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі (http://covid.kdlolymp.kz);
- «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК елорда бойынша филиалы: Желтоқсан көшесі, 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77.
Қаладағы «Олимп» КДЛ зертханасы COVID-19-ға ПТР-талдауларды ақылы негізде іске қосты. Тестілеуге қала тұрғындары Smart Astana қосымшасы арқылы «Медицина» – «COVID-19 тестіне жазылу» бөлімінде жазыла алады. Сауалнама автоматты түрде «Олимп» КДЛ зертханаларына түседі. Одан әрі медициналық мекеме қызметкерлері қоңырау шалып, емшара кабинетіне шақырады. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен, Семей қалаларына әуе рейстері рұқсат етіледі. Рейстер санитарлық талаптардың күшейтілуімен, аз жолаушылар санымен, салонда алшақта отырғызумен жасалады.
-->Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолаушылар COVID-19 коронавирус инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестінен өткені туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Бұл анықтама жеті күнге беріледі. Мерзім өткеннен кейін ПТР-тестілеуден қайта өтіп, жаңа анықтама алу қажет. Зертханалардағы барлық зерттеу азаматтардың өз қаражаты есебінен, ақылы негізде жүргізіледі», – деді бас қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Нұр-Сұлтанда тестілеуден өтуге арналған зертханалар мекен-жайы мен телефондары: