Елордада «Мектепке жол» акциясы сәтті жалғасуда
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Ал Алматы ауданындағы №30 мектеп-гимназиясының басшылығы кеше 60-тан астам отбасыға көмек көрсетілгенін жеткізді.
Қайырымдылық акциясы қаланың басқа аудандарында да өтіп жатыр. Қазір бір ғана Есіл ауданының өзінде 350-ден астам балаға көмек көрсету жоспарланған. Әкімдік өкілдері тізімдегі барлық отбасына құрал-жабдықтар кезең-кезеңімен үлестірілетінін мәлімдеді.
-->Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Ал Алматы ауданындағы №30 мектеп-гимназиясының басшылығы кеше 60-тан астам отбасыға көмек көрсетілгенін жеткізді.
«Бұл бағдарлама шеңберінде мектеп оқушыларына жыл сайын көмек көрсетіледі. Арнайы база бар. Сол жерде тіркелген ата-аналардың тізімі бекітіледі. Бұдан бөлек, көмек қажет деп өтініш жазған кез келген азаматтың көңілін қалдырмауға тырысамыз. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған», - дейді аталған мектеп-гимназияның директоры Сәуле Әзімханова.