Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов Дүниежүзілік гимназиада жеңімпаздарымен кездесті

-->

Бүгін XIX жазғы Дүниежүзілік гимназиаданың жеңімпаздарымен, жүлдегерлерімен кездестім. Оқушыларымыз Гимназиадаға (Нормандия, Франция) алғаш рет қатысып, спорттың бірнеше түрінен керемет нәтиже көрсетті: жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, күрес және т.б. Елорданың 16 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы үздік үштікке енді.

Айта кететінім, әр баланың өзіндік таланты бар: бірі мектептің нақты бір пәніне бейімді болса, енді бірі спортқа, шығармашылыққа құштар болып келеді. Қандай нәтижеге жетсе де балаларға қолдау көрсетіп, әлеуетін ашуына көмектесу керек. Ал мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіледі, – деді А.Көлгінов.