Елордада 37 мекеме карантин талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды
Қала әкімдігінің мәліметінше, мониторингтік топтар өткен тәулікте, яғни 15 тамызда 10 мекеме карантин талаптарын бұзғанын тіркеді.
Нақтырақ тоқталар болсақ, Есіл ауданында карантин режимін 4 мекеме сақтамаған. Олардың арасында «Pinecone», «Текила» лаундж-барлары, «Loto club» лотерея клубы, «Opus One» мейрамханасы бар.
Сарыарқа ауданындағы «Арна», «El plaza», «Астау» мейрамханаларында, «Pirat bar» және «Skysmoke» кафе-барында да карантиндік шектеулер сақталмаған.
Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар тізіміне Алматы ауданында орналасқан «Томирис» кафесі де енді.
Тәртіп бұзған мекемелерге қатысты шаралар қабылдау үшін материалдар тиісті органға тапсырылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.