Елорда жаңалықтары

Құтқарушылар елордалықтарға маңызды үндеу жасады

Е.Байыровтың айтуынша, жазғы демалыс кезінде, әдетте, балалар жалғыз қалып жатады.

Құтқарушылар ата-аналарға сіріңкелерді, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтауды, пешті өз бетінше жағуға, газ және электр құрылғыларын пайдалануға жол бермеу керектігін ескертеді. Сондай-ақ балалардың отпен ойнауын тез арада тоқтату, өрт қауіпсіздігі ережелерін үнемі түсіндіру керек. Сол сияқты шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін балаға жаттату қажет.

-->

Е.Байыровтың айтуынша, жазғы демалыс кезінде, әдетте, балалар жалғыз қалып жатады.

Бұл уақытта ересектер баласының каникулда бос уақытын қалай өткізетіні туралы ойлануы керек. Балалармен әңгімелесуі керек, оларға ересектер болмаған кезде туындауы мүмкін әртүрлі төтенше жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық пен экстрималды жағдайда әрекет ету ережелерін түсіндіру керек. Қазіргі заманауи қала жағдайында бала қызығушылығына және ересектер тарапынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты қауіпті жағдайларға тап болады, олардың негізгілері – өрт, су айдындарындағы оқиғалар, балалардың терезеден құлауы, - деп атап өтті ол.

Құтқарушылар ата-аналарға сіріңкелерді, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтауды, пешті өз бетінше жағуға, газ және электр құрылғыларын пайдалануға жол бермеу керектігін ескертеді. Сондай-ақ балалардың отпен ойнауын тез арада тоқтату, өрт қауіпсіздігі ережелерін үнемі түсіндіру керек. Сол сияқты шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін балаға жаттату қажет.

Жазғы кезеңдегі өрт қаупінің тағы бір көзі – терек мамығы. Көбінесе өрт балалардың ойланбастан терек мамығын тұтатуынан болуы мүмкін. Балалар қараусыз қалған орындарда сіріңкемен ойнайды. Департамент ересектерге мынаны ескертеді: егер сіз көшеде терек мамығын тұтатып жүрген балаларды көрсеңіз, өтіп кетпеңіз, өрттің алдын алыңыз. Жас балалардың сіріңке мен оттық ұстауын болдырмаңыздар, - деп ескертті Есен Байыров.