Елорда жаңалықтары

Eлордалық дәрігерлер республикалық референдум өткізуді талқылады

Әкімдікте қалалық клиникалар директорларымен бірге еліміздің басты құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның рөлі талқыланды.

Елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша референдум өтеді. Оны өткізу кезеңінде барлық сайлау учаскелері құрамында медицина қызметкерлері бар медициналық пунктермен жарақтандырылатын болады. Осы күні қала бойынша барлығы 247 ашық учаске жұмысын бастайды.

Жұмыс жиналысында конституциялық реформаларды талқылаудан басқа, денсаулық сақтау жүйесіндегі ағымдағы мәселелер талқыланды, қаланың медициналық ұйымдарының, соның ішінде жеке меншік ұйымдардың жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. COVID-19-ға қарсы вакцинация мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа штамдарының айналымы туралы айтқан болатын.

Қала тұрғындарын вакцинациялауға және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бүгінгі күні қала бойынша 500 мыңға жуық тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті, шамамен 128 мың адам қайта вакцинацияланды.

-->

Бұл шын мәнінде Жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы басты саяси оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы шешімі елдің саяси өмірінде ғана емес, қоғамдық өмірінде де маңызды болып табылады. Референдум біздің азаматтық ұстанымымызды нығайтуға мүмкіндік береді және елдегі қоғамдық-саяси жағдайға жағымды әсер етеді. Медициналық қоғамдастықты алдағы саяси өзгерістер мәселесінде шетте қалмауға және өз дауысын беруге шақырамын, - деді ол.