Елордада өткен домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енеді
Бүгін елордадағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепте өткен домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі. Елордадағы физика-математика бағытындағы НЗМ-де 2021-2022 оқу жылы домбыра сабағымен аяқталды. Бұл сабаққа 1 032 оқушы қатысты.
Сабақты қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізді. Оқушылар «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды танымал күйлердің шығу тарихын баяндаумен қатар аталған туындыларды бірге орындады.
Ел астанасындағы физика-математика бағытындағы NIS-те домбыра бойынша эллективті курстар 2016 жылы енгізілді. Айтжан Тоқтағановтың жетекшілігімен құрылған мектепішілік «Жігер» ансамблі көптеген республикалық және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпазы, «Sun of Italy» итальяндық фестиваль-байқауының бас жүлде иегері, АҚШ-тың атақты Гарвард пен Бостон университеттері және Массачусетс технологиялық институты сахналарында өнер көрсетті.
Guinness World Records-қа (GWR) өтінім 2021 жылдың желтоқсан айында берілген болатын.
Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауы мен Кітаптың барлық критерийлерінің толық сақталуын қамтамасыз етеді.
Guinness World Records ережелеріне сәйкес ауқымды сабақ басталар алдында барлық қатысушылар екі тіркеу пунктінен өтеді: біріншісі – жеке бейдждерін сканерлейді және «Кандидат-маркер» бағдарламасы арқылы аймаққа кіреді, екіншісі – кезекші қатысушылардың механикалық есебін жүргізеді.
Бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындауы - әлемдегі тұңғыш оқиға. Сондықтан қазақстандық рекорд аса көрнекті жетістіктер мен бірегей құбылыстар туралы жаһандық анықтамалыққа енгізіледі деп жоспарланып отыр.
Қазақ халқының басты ұлттық аспабы домбыра - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің символы.
Бүгінгі таңда еліміздегі барлық NIS-те домбыра пәнінің эллективті курстары енгізіліп, оның аясында Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлерінің тарихы міндетті түрде оқытылады, ал ең танымал жобалардың қатарында «100 күйдің тарихы» жобасы, барлық мектептерде домбыра ансамбльдері мен студиялары жұмыс істейді, домбыра сабақтары математика, физика, шет тілі сабақтарымен ұштастырылып, жас музыканттар «Ұлы дала мұрагерлері» дәстүрлі флешмобында жыл сайын ел сахналарын бағындырып келеді. Домбыра мен ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыру бойынша жүйелі жұмыс NIS-тің халықтық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау бойынша ауқымды бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.
Айта кетейік, бүгін барлық Зияткерлік мектептегі оқу жылы домбыра сабағымен аяқталады.
-->Бүгін елордадағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепте өткен домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі. Елордадағы физика-математика бағытындағы НЗМ-де 2021-2022 оқу жылы домбыра сабағымен аяқталды. Бұл сабаққа 1 032 оқушы қатысты.