Елордадағы ауыр жүк көлік жүргізушілері қатаң бақылауда
Жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар жол жабынына және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін белгіленген жүк параметрлерін қатаң сақтауы тиіс. Дегенмен жүргізушілер көліктік бақылаудан жиі жалтаратын болып шықты.
Сондай-ақ қалалық көліктік бақылау инспекциясы жүргізушілерге 1 жыл ішінде ережені қайта бұзса, көлік құралдарын басқару құқығынан 6 айға айырылатынын ескертті.
-->Жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар жол жабынына және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін белгіленген жүк параметрлерін қатаң сақтауы тиіс. Дегенмен жүргізушілер көліктік бақылаудан жиі жалтаратын болып шықты.
«Биылғы 18 шілдеден 10 тамызға дейінгі 2 апта ішінде жүк көліктерінің жүргізушілері талапты елемеген 43 жағдай тіркелді. ҚР ӘҚБтК 613-бабына сәйкес, бекеттерде көліктік бақылау қызметкерлерінің талаптарын орындамаған көлік жүргізушісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ қалалық көліктік бақылау инспекциясы жүргізушілерге 1 жыл ішінде ережені қайта бұзса, көлік құралдарын басқару құқығынан 6 айға айырылатынын ескертті.