Астанада Жамал Омароваға арналған көрме ашылды
Көрменің ашылу рәсіміне ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы, профессор, академик, мемлекет және қоғам қайраткері Бақтыбай Қасымбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнер зерттеушісі Серік Оспанов, әнші Бағдат Сәмединова және тағы басқалары қатысты.
Оның айтуынша, көрмеге әншінің концерт көйлегі, пайдаланған заттары, әшекей бұйымдары және әншінің өмірінен сыр шертетін фотолар, архив құжаттары қойылған.
Профессор, академик, мемлекет және қоғам қайраткері Бақтыбай Қасымбеков Жамал Омарованың өмірбаянына тоқталды.
-->Көрменің ашылу рәсіміне ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы, профессор, академик, мемлекет және қоғам қайраткері Бақтыбай Қасымбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнер зерттеушісі Серік Оспанов, әнші Бағдат Сәмединова және тағы басқалары қатысты.
Музейде Қазақстанның халық әртісі, қазақ ұлттық операсы мен ән мәдениетін дамытуға үлес қосқан Жамал Омарованың 110 жылдығына арналған "Өнегелі өмір" атты көшпелі көрме өтіп жатыр. Оны әскери-тарихи музейі және орталық музей бірлесіп ұйымдастырды, - деді Әскери-тарихи музейі ұйымдастыру қызметінің басшысы Дәулет Қадыров.
Оның айтуынша, көрмеге әншінің концерт көйлегі, пайдаланған заттары, әшекей бұйымдары және әншінің өмірінен сыр шертетін фотолар, архив құжаттары қойылған.
Сондай-ақ мұнда әнші Роза Бағланова, биші Шара Жиенқұлова, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әйел-ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың да құнды заттары қойылған. Музейге келушілер Жамал Омарова және қазақтың батыр қыздарының өмірінен құнды ақпарат ала алады. Көрме шамамен бір аптаға жоспарланған, - деді музей қызметкері.
Профессор, академик, мемлекет және қоғам қайраткері Бақтыбай Қасымбеков Жамал Омарованың өмірбаянына тоқталды.
Жамал Омарова сұрапыл соғыс жылдары, яғни 1943 жылы батыс және шығыс фронттарға, Жапония соғысына барып, ән айтқан. Бұл батылдықтың белгісі ғой, - деді профессор.